Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ БАБ) шеңберінде Банкаралық бірлестік құрудың негізгі мақсаты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері қолдайтын инвестициялық жобаларды қаржыландыру және оларға банктік қызмет көрсету тетігін ұйымдастыру болып табылады.
ШЫҰ БАБ шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттары мыналар болып табылады:
- инфрақұрылымдық құрылысқа, базалық салаларға, жоғары технологиялар салаларына, экономиканың экспортқа бағдарланған секторларына, әлеуметтік маңызы бар жобаларға баса назар аудара отырып, жобаларды іске асыру үшін қаржыландыруды ұсыну;
- жалпы қабылданған халықаралық банк тәжірибесін ескере отырып, кредиттер беру және тарту;
- ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды ынталандыру мақсатында экспорт алдындағы қаржыландыруды ұйымдастыру;
- қажетті құпиялылықты сақтай отырып, Келісім шеңберіндегі әлеуетті клиенттер мен ынтымақтастық жобалар туралы ақпарат алмасу;
- кадрларды дайындау, делегациялармен алмасуды және тағылымдамаларды ұйымдастыру, іскерлік симпозиумдар өткізу;
- жалпы қызығушылық тудыратын басқа бағыттар.